Астанада 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы құрметіне ұйымдастырылған ШЫҰ мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысы әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік өңіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталатын болады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, Ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі келеді деп күтілуде.
ПІКІР ЖАЗУ