Президент Қасым Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен әр азаматқа мемлекет тарапынан көмек көрсететіндігін сөйлеген болатын.
«Біз қиындықты еңсереміз, бәрін қалпына келтіреміз. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарымызға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Материалдық шығындарды өтейміз», – деді Президент.
Осыдан екі күн бұрын Қарағанды облысы Шет ауылының тұрғындары тиісті өтемақымен, баспанасыз қалғандарға жаңа баспана берілген болатын.
Міндетті өтемақы мен жаңа баспана тек Қарағанды облысында емес еліміздің әр өңірінде орындалып жатыр. Ақтөбе облысы Ойыл ауданында, БҚО облысы Орал қаласында және Атырау облысы Құлсары аудандарында тиісті іс-шаралар орындалуда. Сонымен қатар жүздеген қайырымды жандар аталған өңірлерге материалды көмек жіберуде.
Айта кетсек, су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалуда. 1 451 үй мен 1 319 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 46 755 адам, оның ішінде 14 589 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 60 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 602 адам, оның ішінде 759 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 12 541 адам, оның ішінде 6 439 бала бар. 7 млн. м3 (өткен тәулікте 344 мың. м3) еріген қар суы сорылды, 900 мың қап (өткен тәулікте 52 мың) және 969 мың тонна инертті материал (өткен тәулікте 20 мың тонна) төселді. «Жедел желі» телефонына 902 қоңырау түсті.
ПІКІР ЖАЗУ