Тұтқынға алу туралы Маңғыстау облысының полициясына хабар келді

 

Қонақ үйлердің бірінде белгісіз адамдар су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары тұрғындарын тұтқынға алғаны туралы қоңырау полицияға келіп түсті. Тексеру кезінде ақпарат жалған болып шықты. Бейнеу ауылында телефон шалғаны үшін 22 жасар қыз ұсталды. Сондай-ақ, полиция оның автобуста ұялы телефонын ұрлап кеткенін анықтады.

Қазір бөтеннің мүлкін ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.