Қазақстандық бензин шетелдіктер үшін қымбаттайды
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының жаңа бағасын белгілейтін бұйрық жобасын жариялады. Қазақстан азаматтары үшін отынның құны өзгермейді.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, ішкі нарықта отын балансын сақтау және «сұр» экспорт тәуекелін төмендету үшін бұйрық жобасында АИ-92 бензині, АИ-93 және дизель отынының бағасы нақтыланған.
«Бұйрық жобасы бойынша АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді. Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткенде тәулігіне 100 литрге дейін баға бұрынғы қалпында қалады — литріне 205 теңге «, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазір Қазақстанда ЖЖМ бағасы — ЕАЭО елдері арасында ең төмен баға, соның салдарынан жанармайдың көрші мемлекеттерге кету қаупі туындайды.
ПІКІР ЖАЗУ