Мәулен Әшімбаев Рим Папасымен кездеседі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватикан мен Италияға сапарлайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

«2024 жылғы 4-5 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Ватикан Мемлекеті мен Италия Республикасына жұмыс сапары жоспарланған. Сапар барысында Мәулен Әшімбаевтың Рим Папасы Францискпен аудиенциясы, Италия Парламенті Сенатының Төрағасы Иньяцио Ла Руссамен және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог бойынша Дикастериясының префекті, кардинал Мигель Аюсо Гиксотпен кездесулері, сондай-ақ «Біздің ортақ үйіміз: Жаратушының берген сыйын сүю және аялау» атты дөңгелек үстелге қатысуы көзделген», — деді Айбек Смадияров.

Фото: senate.parlam.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!