Заңгер, адвокат Ләззат Ахатова қазіргі жастрдың патриоттық сезімін жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпараттық агенттігі.
«Жастар қозғалысының Астана мен Алматыда жүргізген әлеуметтік сауалнамасын көріп шықтым. Сауалнаманың нәтижесі бейнеролик ретінде әлеуметтік желіде таралып, жұртшылық тарапынан түрлі пікірлер жазылып жатыр. Қойылған сұрақ былай қарағанда қарапайым және барлық қазақстандық азамат білуі тиіс дүние. Қараңыз, «Қазақстанның Елтаңбасында не бейнеленген және ол нені білдіреді?» деген сауал. Сауалнамаға әр түрлі жастағы 500 адам қатысыпты.
Қатысқандардың қанша пайызы елтаңбамызды дұрыс тапты деп ойлайсыздар? 30% ғана қалған 70%-ы білмейді, жауап беруге қиналған. Өз елінің елтаңбасын танымайды.»
«Әрине, қазіргі жастар өте белсенді, еркін, азат, креатившіл. Біздің буынға қарағанда патриот деп ойлаймын. Себебі олар таза егемендіктің, Тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары ғой. Біз секілді кеңестік жүйеде адасып, өз құндылықтарын жоғалтып ала жаздаған ұрпақ емес. Алайда, сауалнамаға қатысқан жастардың пікірін көріп, қарадай өзім ұялып кеттім. Арасында үлкен кісілер де бар. Бірақ, оларда күмілжіп жауап бере алмай тұр.» — деді ол
«Сондықтан, мемлекеттік рәміздерімізге жаңа көзқараспен қарайтын уақыт жеткен секілді. Елтаңбада не бейнеленгенін, әр атрибуттың мән-маңызын балаларымызға түсіндірейік.
Негізі патриотизм деген әлеуметтік желіде аттандай беру емес, әркімді сынап-мінеп. Нағыз патриотизм деген өз еліңнің әнұранының, елтаңбасының тарихын жете білу, тани білу деп айтар едім. 500 адамның 70%-ы өз елінің елтаңбасын танымау деген әрқайсымыз ойланарлық жағдай. Өзіміз ше, өзіміз тани аламыз ба? Патриоттығымыз қай деңгейде?.Осы сұрақты әрқайсымыз өзімізге қоя білуіміз керек.
Қоғамдық пікір туждырып, қазақстандықтарға ой салған «Жаңа Адамдар» қозғалысындағы жастарға респект! Осы бағытта мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да біраз шаруа атқарылу керек-ау.» — деді заңгер
ПІКІР ЖАЗУ