Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен полиция қызметкерлері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының 64 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адам өз үйінде жеті жерден жасырын орын дайындап, шатырда, ас үй бөлмесінің жертөлесінде, жатын бөлмеде, аулада есірткі заттарын жасырған.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері барлығы 30 келі 700 грамм кептірілген қарасора тәркілеген. Қарасораны күдікті Байзақ ауданының құмға жақын аумағында жинап, кептірген.
«2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта ұсталған азамат «мал ұрлығы», «ұрланған малды союшы», «мал тасымалдаушы» санаттары бойынша профилактикалық есепте тұрған. Сұрақ алу кезінде күдікті кінәсін мойындады.
Күдікті есірткі заттарын өзінің кәмелетке толмаған бес баласы тұратын үйінде сақтаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда», — деп хабарлады Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен
ПІКІР ЖАЗУ