Дінтанушы Дарын Мубаров «Talklike» бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтып берді.
Төрт әйелім бар, шариғатта төрт әйелден артық алуға рұқсат етілмеген. Сүйдім, күйдім деп алған жоқпын, әрқайсының өз себебі бар. Бұрындары ислам дінінен бөлек, христиан дінінде болсын, парсы, түркі халқында болсын көп әйел алу мәселесі болған. Себебі олар төрт әйелмен шектелмей, бес, алты, он әйел алған. Ол кездегі ұғым бойынша заңсыз, некесіз қылыққа бару дін ұстанбағандар үшін де ұят болып есептелген. Ислам діні келді де әйелдердің санын шектеді, – деді дінтанушы.
Дарын Мубаровтың өмірлік бір принципі бар екен. Ол бірінші орынға — шариғатты, екіншісіне — ақылды, үшінші орынға сезімді қояды екен. Бүгінде дінтанушының өзінің төрт әйелінен туған, асырап отырған ондаған баласы бар.
Бала деген Алланың қалауымен болады. Қазіргі балаларымның саны – 31. Үшеуі анасымен ілесіп келген. Олар да өз балаларымдай болып кеткен, өте жақсы көремін. Әкелері жол апатынан қайтыс болған. Өзімнің белімнен тарағаны – 28, – деді ол.
Сондай-ақ дінтанушы бірінші кезекте төрт әйелін бірдей жақсы көретінін атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ