Алматыда өртенген хостел жұмысын осыдан 1,5 ай бұрын бастаған. Бұл туралы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев айтты.
Хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты.
13-27 қарашада Алматыда «Жатақхана» акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде профилактика жұмысы жүргізілді, өрт қауіпсіздігінің ережесі түсіндірілді. Сондай-ақ тексеріс барысында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудың 350-ден аса дерегі анықталды. Бұл хостел жұмысын 1,5 ай бұрын бастаған. Мұны хостелдің әкімшілігі айтты, — деді Нұрлан Атығаев журналистерге.
Оқиға орнынан қазір 59 адам эвакуацияланды. Онда негізінен Пәкістан және басқа елдердің азаматтары тұрған. Қаза тапқандардың жеке басына қатысты дерек нақты анықталғаннан кейін беріледі.
Фото: massaget.kz
ПІКІР ЖАЗУ