Желіде қой жетектеп, сауда орталықтарын аралаған блогердің видеосы пайда болды. Оқиға Астана қаласында болған. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кадрдан оның қоймен бірге қоғамдық көлікке мінгенін де көруге болады.
“Блогердің әрекеті қоғамдық тәртіп бұзу болып тіркелді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұдан басқа, оған ӘҚБтК – нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін бес АЕК мөлшерінде және ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.
Видеоны көрген жұрт: “Атың шықпаса жер өрте” дегеннің кейпі десе, енді бірі “Қойыңа қыстық киім іздедің бе?!” деп әзілдеп жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ