Маусымашарда «Қамбар батыр» жыры

«Алатау» театрының VII маусымының шымылдығы «Қамбар батыр» эпостық жырымен ашылды.

«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – дейді Мұхтар Әуезов. Дәстүрлі өнермен ұштастырылған «Алатау» театрының қазақ үшін орны қашанда бөлек. Болашақтың жолын бабалар салған жолдан іздеп, қазақ танымын, өнерін насихаттайды.


«Алатау» театрының репертуарында «Әгугай мен Игигай» ерегісі, «Ән-Мұхит» драмасы, «Абай-Тоғжан» қойылымы, «Мұқағалимен сырласу» әдеби-сазды кеші, «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші, «Әсем әуен мен көркем қимыл» сазды-би кеші, «Кез болған соң кер заман» қойылым-концерті, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы, «Қамауда қалған арман» драмасы, «Гүлдер хикаясы» ертегісі, «Қамбар батыр» қойылымы, «Жыр Жолбарыс» қойылымы, «Майдан хаттары» қойылым-концерті және т.б. бар. Алдағы уақытта да Театрдың бағытына сәйкес ұлтқа қажетті қойылымдардың сахналануы жалғасын табады.

Ұлы өнеріміз төрде болғай!

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі