Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Растаймыз. Ұлдарын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрделерін бүгін Қазақстанға жібереді», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.
Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.
ПІКІР ЖАЗУ