Біз телефон арқылы сөйлескен кезде сұхбаттасушымен қалай амандасатынымызға аса мән бермейміз. «Сәлеметсіз бе», «сәлем», «қайырлы таң/күн/кеш» сөздерінің орнына үйреншікті әрі әмбебап «алло» сөзін қолданамыз. Бұл сөздің шығу тарихы қандай?
Бұл сөздің тарихы өте түсініксіз. Тіпті сан түрлі нұсқасы бар. Бір нұсқа бойынша, бәрі ХІ ғасырда, Нормандия герцогы Уильям жаулап алушының Англияға басып кіруінен кейін басталады. Ертеде норман әскері «Hallo!» деп отарларын жинаған екен.
Демек, «айқайлай беру» деген мағынаны білдіретін halloer етістігінен тараған. Басқа нұсқада «алло» сөзінің тарихы матростар келе жатқан кемелерді қарсы алған ағылшын тілінен шыққан дейді. Үшінші нұсқаға сүйенсек, «алло» венгр тіліндегі hallom терминінен шыққан, ол «сені естимін» дегенді білдіреді. Оны венгр ғалымы, әлемдегі алғашқы телефон станциясының өнертапқышы және Telefon Hírmondó телефондық жаңалықтар қызметінің негізін қалаушы Тивадар Пушкаш қолданған. Telefon Hírmondó трансляциясы кезінде Пушкаш қолданған «Hallom» сөзі кейіннен «алло» болды деп сендіреді. Халло бірте-бірте басқа тілдерге ауысып, олардың фонетикалық нормаларына сәйкес аздап өзгерді. Сонымен, орыс тілінде ол белгілі «алло» болып ауысты. Біздің тілімізде де «алло» сөзі қолданылады. Француздар тілінде h әрпі оқылмайтындықтан оларда allô деп айтылады, Венгрияда hаllo, ал Колумбияда aló дейді. Ағылшын тілінде сөзді жазудың екі жолы сақталған: hаllo және hullo – бірақ екеуі де «алло» сияқты естіледі. Кейбір елде телефон тұтқасын алған адам мүлдем басқа сөз қолданады. Мысалы, жапондықтар сұхбаттасушымен «Мощи-мощи» деп амандасады, яғни «Мен айтамын-сөйлеймін» мағынасында. Алғашында Күншығыс елінің тұрғындары телефон тілдесімін «О-о!» деп бастайтын, бұл қазақтың «иә-иә!» дегеніне тең. Бұған жауап ретінде сұхбаттасушы «мен жұмыс бойынша» немесе «менің сұрағым бар» деген мағынаға жақын нәрсеге жауап беруі керек еді.
Телефон тұтқасын көтергенде: Қытай елі: «wei» (wèi) – «Мен тыңдаймын». Итальяндықтар: «pronto» – «дайын». Түріктер: «эфендим» – «мырза», сөздерін қолданады. «Алло» сөзінің тағы бір шығу тарихы бұл бір әйелдің бас әріптерінен құралған сөз делінеді тарихта. Ол әйелдің толық есімі – Алессандра Лолита Освальдо. Бұл әйел телефонды ойлап тапқандардың бірі А.Грехем Беллдің сүйіктісі болған. А.Белл сүйіктісінің үйіне алғашқы телефон желісін тартты. Телефон шырылдаған сайын Грэм Белл телефонды алып, әйелдің атын айтатын. Уақыт өте келе Белл өзінің сүйіктісінің атын қысқартылған түрде айтты – «Але Лолос». Содан кейін ол тағы қысқарып, «Алло»-ға айналды. Бір күні Алессандра Беллді тастап кетеді. Қалай болғанда да, Белл әрқашан оның қоңырауын күтумен болды. Уақыт өте телефон байланысы кең етек алды. Белл басқа адамдармен сөйлесу кезінде, телефон шырылдаған сайын әдетінен тыс телефон тұтқасын көтеріп, «Алло» деп қоятын. Сөйтіп, «Алло» деген сөз халық арасына тарап, танымал болды.
ПІКІР ЖАЗУ