«22 млн теңге»: Жамбыл облысының шенеуніктері қымбат көлік алмақ

Елде қымбатшылық, бюджетті үнемдеу жайлы айтылып жатқанда, Жамбыл облысының билігі қымбат көлік алуды жөн көрген. Мемлекеттік сатып алу порталында 22 миллион теңгеге жеңіл автокөлік сатып алу туралы хабарландыру жарияланды.

Техникалық сипаттамаға сүйенсек, бұл «C» класты, автоматты беріліс қорабы бар, қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден жоғары көлік болуы тиіс. Яғни, арзан нұсқалар қарастырылмаған, міндетті түрде қуатты және қымбат модель қажет. Қай марканы таңдағандары көрсетілмеген.

Бұл ретте қарапайым халық қымбатшылықтан қажып, несие жауып, азық-түліктің қымбаттауына көнуге мәжбүр. Билік үнемдеу жайлы айтқанымен, іс жүзінде оған аса мән бермейтіні көрініп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін де мемлекеттік органдардың бюджетті оңды-солды шашуы талай рет қоғамда дау тудырған. Бірақ жағдай өзгерер емес: халық қымбатшылыққа бейімделсін, ал шенеуніктер жайлы көлікпен жүре берсін.

фото: goszakup.gov.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит