Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы абаттандыру жоспарымен таныстырды
«Жүргенов көшесінде (Алматы ауданы) жасыл желек жасаймыз. Бұл көше — шағын ауданның негізгі көшелерінің бірі. Көшенің ашылуынан бергі 9 жыл ішінде жаяу жүргіншілер тротуарларының төсемдерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілмеген, осыған байланысты учаскелердің көпшілігі лайықсыз күйге келген. Сондай-ақ көшелерді көгалдандыру және жарықтандыру жоқ.
-
Осыған байланысты Жүргенов көшесінің жаяу жүргіншілер кеңістігін ауқымды абаттандыруға, кедергісіз ортаны, демалыс аймақтарын, көгалдандыру, жарықтандыру және т.б. жайластыруға кірісті. Жүргенов көшесін (Айнакөл көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 6 мыңнан астам ағаш және 44 мың бұта отырғызу жоспарланып отыр.
-
Сонымен қатар, Мыңжылдық аллеясында 70 мың шаршы метр абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба үш учаскеден тұрады: 1) Қ. Аманжолов көшесіндегі жолдан Қаздрамтеатрдың басты кіре берісіне дейін; 2) Қаздрамтеатрдың солтүстік жағы А.Байтұрсынов көшесіне дейін; 3) Ж. Нәжімеденов жағынан Қаздрамтеатрдың оңтүстік жағы. Мұнда МАФА орнатылады, тротуарлар, жолдар абаттандырылады, ағаштар отырғызылды, жарықтандыру жүргізілді және т.б.
-
18 гектар — «Жағалау» ТК абаттандыру аясында 18 гектар аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. «Жағалау» тұрғын үйіне қарасты барлық 19 тұрғын үй абаттандырылады. Сондай-ақ, ағаштар отырғызылып, жарықтандыру тіректері орнатылады. Ботбақта жүгіру және веложолды жаңарту, ескі брусчаткаларды қайта төсеу, жарықтандыруды қалпына келтіру, спорт алаңдарын жаңарту және т.б. жұмыстар жүргізілуде.
-
Ескі вокзалдың аумағын және оған іргелес жатқан Гете және Біржан сал көшелерін абаттандырумен қамтамыз; Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерін абаттандыратын боламыз, оған Ақбұлақ жағалауы, президенттік саябақ және «Бейбітшілік пен келісім» саябағы және т.б. кіреді. «
ПІКІР ЖАЗУ