«12 адам қаза тапты»: Түркиядағы зауыт жарылды

cnnturk.com

Түркияның Балыкесир қаласындағы зауытта болған жарылыстан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды CNN Turk.

Оқиға жарылғыш заттар өндіретін зауытта орын алды, ғимарат ішінара қираған. 12 адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

«Алдымен терезелер дірілдеп, кейін отты шар пайда болды. Ауысымда 20 адам жұмыс істейді, зауытта барлығы 300 қызметкер жұмыс істеді», — деді аудан ақсақалы Каваклы.

Балыкесир губернаторы Исмаил Устаогулу саботаж жасау мүмкіндігін жоққа шығарды. Жарылыстың себептері әлі де анықталуда. Ол электр ақаулығынан немесе найзағайдың соққысынан болған деп болжанады.

Түркия Президенті Режеп Ердоған бұл оқиғаны дереу тергеуге шақырды.

«Біз жарылыс туралы барлық мекемелерден және Балықесір губернаторынан ақпарат алдық. Мен дереу қажетті тергеуді бастауды тапсырдым. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін», — деді Мемлекет басшысы.