«Әкіммен жолыға алмаған»: Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді

Маңғыстау облысының тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді. Ол өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды  Alash.kz.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бұл жайлы хабарлады. Басқарма берген ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратына бір тұрғын келіп, әкімге жолықтыруын сұраған.

Әкімдік қызметкерлері тұрғынды қабылдаудың реті келмейтінін айтып, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген.

Белгілі болғандай, өзін-өзі өртеп жіберген тұрғынды бұған дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Хабарламада бұған қатысты:

«Оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш қоспаны құйып, өзін өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен өрт жедел сөндірілді. Жедел — жәрдем шақырылып, ол келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», — делінген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!