«Әкелік міндетімнен қашпаймын»: Фариза Төреәлінің күйеуі желідегі жазбасымен ел назарын аударды

блогер Фариза Төреәлінің жолдасы Дархан Нортаев Instagram желісіндегі парақшасында қызына қатысты жазба жариялады. Ол бала тәрбиесінде әкенің рөлі де айтарлықтай маңызды екенін айтты. Дархан Нортаев бала күтіміне байланысты әйеліне қолдау көрсететінін жасырған жоқ.

«Қызыма махаббатты қалай беремін? Қамқорлық кішкентай істерден құралады. Бала ортақ, сол үшін бала тәрбиесі, оған қарау тек әйелге жүктелген міндет емес. Жұбайым өзіне көңіл бөлуі үшін, уақыт бөлуі үшін әкелік міндетімнен қашпаймын. Түнде тұрып тамағын жасаймын, бассейнге бірге барып шомылып аламыз, киімізді бірге киіп, анасын тастап, өзіміз серуенге кетіп қаламыз. Қамқорлығымды барынша көрсетуге тырысамын, себебі қыз баланың болашағына әкенің үлесі үлкен рөл ойнайды», — деп жазды ол.

Жазба астына алғашқылардың бірі болып Фариза Төреәлі пікір қалдырды.

«Екеуі «банда». Маған енді өзіме тағы бір бөпе керек», — деп жазды Төреғали Төреәлінің қарындасы. Мұны көрген көпшілік блогер мен жолдасына түрлі пікір жазған. «Не деген керемет әке», «Алла көп көрмесін, молынан берсін», «Көпбалалы ата-ана атаныңдар», «Сендердің отбасыңда өскен балабақытты боларына сенемін», «Бізге де осындай жақсы жар бұйырсын», «Ұлың оншақты, қызың моншақты болсын», — деді олар.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…