Әкесінің жетісін, қырқын беруден бас тартқан: имам пікір білдірді

Елді шулатқан видеоға қатысты Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жылыой ауданының тұрғыны әкесіне арналған дәстүрлі ас беруден бас тартып, бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеген. Ол жетісі, қырқын, жылын бермейтінін, сондай-ақ көңіл айту рәсімдерін өткізбейтінін айтып, жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырды.

«Әкем мен Алла осыған разы болады. Дұға оқығыңыз келсе, мешітке барыңыз», — деді ол.

Аталған видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Осыған байланысты Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали түсініктеме берді.

«Бұл видео бес жыл бұрын, COVID-19 пандемиясы кезінде түсірілген. Сол кезде Құлсары қаласының бір тұрғыны маған келіп, халыққа азық-түлік таратуға көмектесуімді сұрады. Себебі карантинге байланысты адамдар жинала алмайтын еді. Біз мұқтаж жандарға жәрдем беруге келісіп, сол кезде осындай шара жасадық», — деп түсіндірді имам.

Жасұлан Қазғали қазіргі уақытта кейбір адамдар бұл видеоны имамдарға қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру үшін әдейі пайдаланып жатқанын атап өтті.

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер, қандай да бір мәліметті таратпас бұрын, оның рас-өтірігін тексеріңіздер», — деді ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)