Депутат Гауһар Танашеваның әрбір балаға жәрдемақы ретінде 70 мың теңгеден төлеу туралы ұсыныс білдірді.
Оның ұсынысына байланысты Светлана Жақыпова министрліктің белгілі бір көлемде бюджет қаражатын қажет ететін өзгерістер пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.
«Бірақ қазір бизнес-процестерді цифрландыру және мемлекеттік қажетсіз немесе қайталанатын функцияларды оңтайландыру арқылы бизнес-процестерді өзгертіп жатырмыз. Тиісінше, біз бұл бюджетті оңтайландыруымыз керек, содан кейін ғана балаларды табыспен қамтамасыз ету мәселесіне келуіміз қажет. Бұл шешім қазір қабылданса, салық төлеушілерге үлкен жүк болатынын айта кету керек», – деді министр.
Жақыпованың айтуынша, бүгінде әлеуметтік қажеттіліктерге арналған бюджет 6 триллион теңгеге жуықтайды, бұл республикалық бюджеттің 38 пайызы.
«Егер шартсыз қосымша төлемдер енгізілсе, кем дегенде тағы 3 триллион теңге қажет болады, бұл салықты көтеру керек дегенді білдіреді», – деді министр.
ПІКІР ЖАЗУ