Әнші және төрт баланың анасы Салтанат Бақаева бәріне қалай үлгеріп жүр?

Massaget.kz/Болат Айтмолда

Танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева киноға да түседі, қыз ұзатады, әлеуметтік желіде де белсенділік танытады. Бұдан бөлек, ол — аяулы жар әрі 4 баланың анасы. Мұның бәріне өнер иесі қалай үлгеріп жүр? Ол Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында бәріне қалай үлгеріп жүргенін айтты, деп хабарладй Ozgeris.info.

«Мұның құпиясы жоқ. Бірден айтайын, мен бәріне үлгере бермеймін, бірақ менің қолдаушыларым, жақындарым жанымнан табылады. Олар үлгермей жатқанымды байқап, барынша қолғабыс етеді. Сол үшін мен бәріне үлгеріп жатқан сияқты көрінемін. Мен де қарапайым адаммын. Бәріне үлгеру мүмкін емес», — деді әнші.

Өнер иесі өзіне қай кейіпкерді жақын тартатынын айтты.

«Кез келген кейіпкерде менің бөлшегім бар. Олар — менің жарты әлемім, менің жүрегімнен шыққан дүние. Бөліп-жарғым келмейді. Процесс барысында қиындықтан шыққан дүние көңіліңде ұзақ тұрақтайды. Сондықтан театрдағы кейіпкерлерім күрделілеу болғандықтан, орны бөлек, әрине. Жалпы мен үшін театрдың орны биік», — дейді ол.

Еске салайық, өнер иесі 24 қыркүйекте 37 жасқа толған туған күнін тойлаған еді.

Салтанат Бақаева — танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының иегері.