Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тағы жеті қызметкері қаза тапқан «Қазақмыс» компаниясының басшыларын сынап тастады, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Оның айтуынша, басшылар сол аймақта әмірлерін жүргізіп жүр.
«Бұл әу бастан біздің инвесторларға, сондай компанияларға деген әлсіздігімізді білдіреді. Кезінде рейспен ұшатын ұшақ Қазақмыс компаниясының басшыларының кесірінен 4-5 сағатқа кешігетін. Олар сол жаққа әмір жүргізіп алған. Ешкім тексермей, қауіпсіздік сақталмаған соң осындай жағдайлар қайталанады. Қатты қадағалауға алу керек. Бақсаша бұл тоқтамайды», – деді Зайытов мәжіліс кулуарында журналистерге.
Еске салайық, 17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері үйінді астында қалды. Кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланған еді.
ПІКІР ЖАЗУ