«Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті»: Серікзат Дүйсенғазының жазбасы жұртты жылатты

Фото: әлеуметтік желі

Ақын Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлы Әлиханның достарының түсіне кіргені туралы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген «Әзірет Сұлтан» мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына құран бағыштадық.

Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар», — деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)