Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа суреттер жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік 40 жасқа толған әншінің сұлулығына тәнті болған, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Ерке Есмахан туған күнінен кейін Instagram желісінде байланысқа шығып, оқырмандарын жаңа фотолармен қуантты. Өнер иесі көпшілікке кезекті ерекше образын паш еткен. Бұл жолы әнші тек қоңыр түсті киімдер мен аксесуарларды таңдаған. Оған қоса шоу-бизнес жұлдызы сұлулық тақырыбын қозғап, желі қолданушыларына үндеу жасады.
«Менің жаным әдемілікке құштар. Өз өмірімді өзім әрлендіремін. Жанның, тәннің, ойдың, сөздің сұлулығы айналаңызды да өзгертеді. Әлемді өзгертуді өзімізден бастайық», — деген жазба қалдырды ол.
Оқырмандар Ерке Есмаханның образын бірден талқылап, оның асқан сұлулығына тәнті болған.
«Тәте болсаңдар, Еркедей болыңдар. Жасқа қарамай, қыздай болып жүресің», «Талғамы биік ару», «Сұлулық дегенде бірінші болып ойыма Ерке түседі», «Сіздің бейнеңіз – уақыттан тыс қалған сұлулықтың символы. Терең ой, нәзік қарапайымдылық және табиғи әсемдік – бәрі бір сәтте көрініс тапқандай. Әлемді өзгертетін сұлулық, ең алдымен, жүректен басталатынын дәлелдейсіз», «Не кисе де, не айтса да хит болатын жан», «40 жасында қыздай болып жүру бізге де бұйырсын», — деп жазуда көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ