Отандық әнші Ұланғасыр Қами өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хиджабқа, хиджаб кию-кимеу мәселені қатысты пікір білдіріп, күйеулері әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп қояды, деп жабарлайды Ozgeris.Info.
Әнші Ұланғасыр Қамиға желі қолданушысының «Хиджаб — арабтікі. Неге адасасыздар? Оның бәрін әйелдер бір күні шешеді» деген пікіріне жауап беріп, аталмыш тақырыпқа қатысты ұстанымын білдірді:
Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейді.Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме,шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, чао деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді.
Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс… Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, — деп айтты әнші…
ПІКІР ЖАЗУ