Мәжіліс кулуарында депутат Ринат Зайытовтан БАҚ өкілдері «Қазір мектептерде телефон алып келуге болмайды деген мәселе қаралып жатыр? Бұл қаншалықты дұрыс?» деп сұрады.
Депутат аталған заңды қолдайтынын жеткізді.
Өте дұрыс. Тыйым салынуын қолдаймын. Оқушылардың телефон ұстауы жақсы нәрсе емес. Салдарынан кітап оқу деңгейі қатты төмендеп кетті. Бұл біздің комитетте әзірленген заң жобасы. Оны толығымен құптаймын. Бұдан балаларды шектеу керек. Иә, сабақ оқуға керек тұстары бар. Оны тек мұғалімнің рұқсатымен қолдансын, – деді депутат.
Сондай-ақ мәжілісмен аталған мәселеге қатысты мынадай мысал келтірді.
Мәселен, Қытайда балаларды осы тәуелділіктен емдейтін арнайы мекемелер бар. Кадрларды көрсеңіз, жан түршігеді. Балалардың жүйке жүйесі әбден тозып кеткен. Бір күн телефон қармаса, күйзеліске түсіп, қатты шыңғырып, өзін-өзі өлтіруге дейін барады. Бұл жақсы нәрсе емес. Үйде ата-аналар шектеу қоя алмайды. Сол себепті, ең болмаса, мектеп қабырғасында шектеудің болғаны дұрыс, – деді Ринат Зайытов.
ПІКІР ЖАЗУ