Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлап, жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушы қыздың ісіне қатысты тергеу туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
16 жастағы оқушы қыздың ісіне қатысты 13 күдікті ұсталды. Оның ішінде 11-і қамауға алынды, екеуі үй қамақта отыр.
«Қазір бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі ол тергеушілердің құзыретінде», — деді И.Лепеха.
Оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексеріліп жатыр.
Оқиғаға байланысты мектептің директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылған еді.
ПІКІР ЖАЗУ