Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды;
Су тасқыны басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылды.
Атырау облысының Құлсары қаласында әлі 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.
ҚР ТЖМ құтқарушы күштері 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.
Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Республика бойынша 50670 адам өз үйлеріне оралды.
Республика бойынша 9660 жеке тұрғын үй мен 3213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 16,4 млн астамтекше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Фото: Атырау облыстық ТЖД
ПІКІР ЖАЗУ