Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша 102,5 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды.

Мұндай мәліметтер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі отырыста айтылды.