10 сәуір күні журналист Бибі Айша өзінің парақшасында бір болған жайт жайлы мәлімдеп берген болатын. Автордың айтуы бойынша әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарау өршіп жатыр.
«Әлеуметтік желінің дәуірі болғасын кез келген адам ақпарат таратуына оңтайлы. Кеше автобуста бір апамыз телефон арқылы “балам Астанаға бармай-ақ қойшы. Ол жақты да су басып жатыр. Телефоннан көрдім” деп, жыларман халде сөйлесіп жатыр. Жанына жақындап, елордамызды су алған мәлімет жалған екенін, таралып жатқан видео бұдан бірнеше жыл бұрын түсірілгенін түсіндірдім. Аздап болсын “лайым солай болсын!” деп жеңіл тартып қалды». Осыған орай журналист халықты осындай сын кезінде желідегі желп еткен жазба мен видеоларға емес, ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
ПІКІР ЖАЗУ