Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Асхат Ниязовқа басқаның хабарын қайта жариялағаны үшін талап арыз берген болатын.
29 сәуірде сот процесі өтіп, онда ҚР ӘҚБтК-нің 456-бабы — «Жалған ақпаратты орналастыру, тарату» бойынша іс қаралды.
Адвокат Әсел Тоқаева істе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ деп мәлімдеді. Судья бұл пікірмен келісті: сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
Қаңтар айында ProTenge Telegram-арнасында елімізде жұмыс істеуге аккредитация алмаған «Азаттық радиосы» журналистерін қолдаған жарияланым пайда болды. Журналист Асхат Ниязов бұл мақаланы қайта жариялады. Содан кейін Мәдениет министрлігі құқық қорғау органдарына өтініш беріп, Асхат Ниязовқа әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ, 24 сәуірде Protenge жобасының негізін қалаушы және бас редакторы Жамиля Маричеваны ұстады. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистің жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталғанын хабарлады.
ПІКІР ЖАЗУ