Қазір Бәке-Сәке деп жүргізуші куәлігін алатын заман келмеске кетті. Барлығы цифрландырылып, бір жүйеге түскен. Ал жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін қандай құжат керек? Теориялық емтихан тапсыру қажет пе? Ozgeris.info тілшілері анықтап көрді.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша куәлікті қайта алу үшін теориялық емтихан тапсыру қажет емес.
Жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру үшін келесідей құжаттарды сайлап алыңыз:
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
- мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
Ал куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.
Егер құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған болса, ал сіз оған назар аудармай, автомобиль рулінде жүре берсеңіз — сіз ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Егер бір жыл ішінде бұзушылық қайта тіркелсе-айыппұл 30 АЕК-ті құрайды.
Құжатқа қағілез болыңыз!
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру