«Жүрегім кеудемнен шығып кетердей»: Руслан Берденовтің әйелі мәлімдеме жасады

Фото: жеке парақшасынан, коллаж: ozgeris.info

Руслан Берденовтің некелі жары Маржан Берденова желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Біраздан бері жүрегімнің қағысын қаттырық естіп тұрмын. Барабан сияқты соғып жатыр. Жүрегімнің қалай соғатынын осыған дейін де сезіп, біліп жүрмін ғой. Ал бүгін ол кеудемнен шығып кететіндей. Бала кезде естеріңізде ме? Қорыққан кезде жүрек қатты қағатын еді ғой…», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке кеше түнде қарулы шабуыл жасалды. Бүгінде ол ауруханада, жағдайы тұрақты ауыр.