Желіде жұлдыздардың официант қыздың қиналысына бей-жай қараған әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқиға тойда түсірілген бейнежазбадан белгілі болды. Қолына ауыр астау көтеріп, жұлдыздардың алдына тағам әкелген официант қыздың қиналғаны байқалды. Оның үстіне, дастархан басында отырғандар, ішінде танымал Нұрлан Имам да бар, басты жылдам бөліп жеп, қыздың жағдайына мән бермеген.
Көмекті қызға жанындағы официант жігіт қана көрсетті. Ол астауды қыздың қолынан алып, жағдайды жеңілдетті. Желі қолданушылары жұлдыздардың әрекетін сынға алып, жігіттің қадамын жоғары бағалады:
ПІКІР ЖАЗУ