Жүктемелер рейтингі. Біз халқы салықты көп төлейтін елміз бе?

Фото: rb.ru
Еліміз жалпы ішкі өнімге шаққанда салықтық жүктемесі төмен мемлекеттер қатарына кіреді, дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.
Қазақстан салық ауыртпалығы бойынша Еуропа елдерімен салыстырғанда жеңілірек, ал кейбір көрші елдерге қарағанда жоғары. Бизнес үшін кейбір міндетті төлемдер көп болғанымен, жеке табыс салығы мен ҚҚС мөлшерлемесі салыстырмалы түрде төмен.
Бізде оның нормасы 19 пайыз дейді сарапшы. Басқа елдермен салыстырсақ, мысалы Өзбекстан — 25%, Түркия — 29%, АҚШ — 30%, Ресей — 36%, Беларусь — 42%, Германия — 47%, Франция — 51%.
Ал қосымша құн салығының коэффицентіне келсек, Түркия — 44%, Италия — 45%, Канада – 50%, БАӘ — 58%, Швейцария — 69%, Корея — 73%, Эстония — 73%.
Салықтық жүктеменің аз болуы дамушы елдердің экономикасын өсірудегі негізгі рычагтардың бірі болып табылады.
Қазақстан өзінің маңызды салаларына, оның ішінде экономикалық мультипликаторы жоғары ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу бағыттарына қосымша құн салығын мүлдем қолданбайды және табыс салығы бойынша жеңілдіктер береді.
Сондықтан Қазақстан сияқты елдерде кәсіп бастау жеңіл.
Бірақ, еліміз көп жағдайда импортты субсидиялайтындықтан, басқа бағыттарда, әсіресе импортты саудада қосымша құн салығын қолдану арқылы баланс орнатуға ниетті. Яғни, кәсіппен айналысып, өнім шығаратындар импорт әкеліп, алып-сатумен айналысатындар есебінен жеңілдіктерге ие болуы тиіс. Бұл экономикалық тұрғыда өте ұтымды шешім.

Қазақстандағы салық жүктемесі

 

Жеке табыс салығы (ЖТС) – 10% (тұрақты мөлшерлеме). Бұл көптеген елдермен салыстырғанда төмен.
ҚҚС (Қосылған құн салығы) – 12%. Орташа деңгейде, бірақ кейбір дамыған елдерде (мысалы, Еуропада) 20% және одан жоғары. Қазір ҚҚС мөлшерін көбейту туралы сұрақ қарастырылып жатыр. Ол 12%-дан 16%-ға өсуі мүмкін. Бұдан бұрын шенеуніктер 20%-ға арттыруды ұсынған.
Әлеуметтік салықтар – жұмыс беруші үшін жалпы 16,5%-ға дейін (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыруды қосқанда). Бұл кейбір елдерге қарағанда төмен, бірақ бизнес үшін ауырлау.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 20%. Дамушы елдермен салыстырғанда орташа, ал кейбір көрші елдерде (Өзбекстанда – 15%) төмендеу.
Жер және мүлік салығы – салыстырмалы түрде төмен, бірақ аймаққа байланысты өзгереді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы