«Жүксалғышқа салып алған»: Абай облысында бұрынғы әйелін ұрлап кеткен ер адам сотталды

Фото: gov.kz

Абай облысында бұрынғы әйелін ұрлап кеткен ер адамға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Абай облысы Жарма ауданының сотында адамды ұрлады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында сотталушы бұрынғы әйелінің үйіне келіп, араларында жанжал орын алғаны белгілі болды. Ер адам бұрынғы әйелінің бетін жұдырықпен ұрып, оның ұялы телефонын сындырып, содан соң оны көліктің жүксалғышына салып, ұрлап кеткен.

«Прокурор соттан ер адамның әрекетін ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігіне сәйкестендіруді сұрады, өйткені ол жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолданбаған. Жәбірленуші А. қазіргі уақытта сотталушыны кешіретінін және қатаң жазаламауды сұрағанын айтты. Сотталушы Е. болған оқиғаға өкінетінін түсіндіріп, істеген ісіне өкініп, соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрайды», — делінген сот хабарламасында.

Іс материалдарын зерттегеннен кейін сот сотталушының іс-әрекетін ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 3) тармағынан ҚК-нің 125-бабының бірінші бөлігіне қайта саралау керек деген қорытындыға келді.

Сот Е.-ны кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!