Министрлер кабинеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта үкіметтік комиссия Ұлытау облысында жұмыс істеуде. 17 ақпанда «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып, жеті адам қаза тапқан.
Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері, ІІМ-нің жедел-тергеу тобы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Комиссия мүшелері оқиға орнын тексеріп, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы кезектегі көмек көрсету бойынша тапсырмалар берілді», – деп хабарлады Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Бүгін, 18 ақпанда, Премьер-министрдің орынбасары штаб отырысын өткізіп, марқұмдардың туыстарымен кездеседі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру