Жоғарғы Сот қарасора өсіргені үшін сотталған азаматты ақтады

astana.sud.kz

Бұрын заңсыз өсімдіктерді өсіргені үшін сотталған азамат Қазақстанның Жоғарғы Сотында ақталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Жоғарғы Сот Бас прокурордың кассациялық наразылығын қарап, Худяковтың әрекеттері дұрыс сараланбаған деген уәжбен келісіп, оны ақтады және оңалту құқығын түсіндірді», – делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, Жамбыл облысының Жамбыл аудандық сотының үкімімен Худяков есірткі құрамындағы өсімдіктерді – қарасораны заңсыз өсіргені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Сот оның әрекетін Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша – есірткі заттары бар өсімдіктерді ірі көлемде қасақана заңсыз егу және өсіру деп таныған.

«Алайда айыптау актісіне сәйкес, Худяковқа бастапқыда тек осындай өсімдіктерді заңсыз өсіру айыбы тағылған. Сот Қылмыстық-процестік кодекстің 340-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұза отырып, айыптаудың шеңберінен шығып, оның әрекеттерінің саралануын өз бетінше кеңейтіп, қосымша егу және өсіру тармақтарын енгізген», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Худяков қарасораның сұрыптарын жақсарту, жаңа әсер ету тәсілдерін әзірлеу немесе селекциямен айналыспаған. Ол тек тұқым сеуіп, өсімдіктерді суарып отырған, бұл «культивация» ұғымына жатпайды. Осылайша, оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағаны анықталған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей