Қазақстандық, әлемнің 471-ракеткасы Жібек Құламбаева Бари (Италия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 723-орында тұрған Италия өкілі Элеонора Алвисимен кездесті.
Жібек 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ол 13 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды. Алвиси 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.
Фото: ktf.kz
ПІКІР ЖАЗУ