Жасанды интеллектті игілікке де, қиғылыққа да пайдаланып жүргендер көп қазір. Бірі адамның ар намысына тисе, енді бірі танымал тұлғаның түрін пайдаланып айласын асыруға құмар. Мұндай пасықтарға жаза қандай? Ozgeris.info тілшілері анықтап көрді.
Сәуірдің соңында сүйіктісін ұрып соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік ЖИ арқылы Бишімбаев екеуінің түрмеде отырған видеосын жасағандарға арыз жазған еді. Заңгер Арман Шәріпов мұндай әрекетке алдымен құқықтық баға беру керегін алға тартты. Сараптаманың ауырлығына байланысты жаза тағайындалатынын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұл екі тұлғаның бір мекемеде отыруы мүмкін емес. Ол біріншіден жалған ақпарат. Екіншіден алаяқтық. Үшіншіден адамның ар-намысына тию. Үш нәрсеге де біздің әкімшілік кодекстің және қылмыстық кодекстің баптарында жауапкершілік көзделген», — дейді заңгер.
Қазір танымал адамдарды сөйлестіп алаяқтардың да арам ойын жүзеге асырғанын көріп жүрміз. Сол себепті заңгер жасанды интеллектке қатысты заңды қатаңдату керек дейді.
«Жалпы алаяқтықтың соңы 10 жыл бас бостандығынан айыруға дейін алып келуі ықтимал. Бірақ бұл ЖИ арқылы жүзеге асқандықтан бөлек қаралуы керек. Бірақ бұл қылмыстың жаңа түрі болғандықтан әлі зерттелу үстінде. Жақын арада қылмыстық кодекстің жаңа баптарына енетініне мен сенімдімін», — дейді Арман Шәріпов.
Жасанды интеллектке сеніп, алданып қалған кезіңіз болды ма?
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру