Жезөкшелерге медициналық сақтандыру мен зейнетақы тағайындалмақ

kp.ru

Кеше Бельгияда жезөкшелердің құқықтық жағдайын реттейтін жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды ozgeris.info, ZTB | QAZAQSTAN telegram арнасына сілтеме жасап.

Бұл заң әлем бойынша алғашқы болып жезөкшеге ресми жұмысшы мәртебесін беріп, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Енді әйелдер мен ерлер, бұл салада жұмыс істейтіндер, еңбек келісімшарттары арқылы жұмысқа орналасып, медициналық сақтандыруға, зейнетақыға, декреттік демалыс пен сырқаттану бойынша төлемдерге қол жеткізеді.

Заң бойынша, жезөкшеге жұмыс орнындағы қауіп-қатерден қорғау кепілдігі беріледі. Сонымен қатар, олар клиенттерден бас тарту құқығына ие болды және өз шарттарын сақтауды талап ете алады.

Айта кетейік, Бельгия бұл саланы 2022 жылы декриминализациялаған болатын. Қазіргі таңда елде секс-қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын арнайы одақ жұмыс істейді.

Бұл бастама секс-индустрияны құқықтық тұрғыдан реттеудің әлемдік тәжірибесінде жаңа үлгіге айналды.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)