Жетісу облысында биыл төрт түлік малдың саны 3,018 мың басқа жетті, соның ішінде ірі қара — 613,3 мың, қой-ешкі – 2,183,5 мың, жылқы – 201,4 мың, түйе – 2,1 мың. Осының арқасында ет өндірісі 28,6 мың тонна, сүт өндірісі 87,3 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда артқан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің үйлестіруімен Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» туристік нысаны базасында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Б.Исабаевтың сөзіне сүйенсек, жалпы жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,8% өсіп, 544 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланған. Осы саланы бұдан әрі дамыту үшін 2027 жылға дейін құны 57,9 млрд. теңге болатын 53 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр, 1,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде «Ірі жобалар» пилоттық жобасы аясында 44,8 млрд. теңгеге 18 жоба көзделсе, биыл 400 басқа арналған, 2 млрд. теңгелік тауарлы сүт фермасы салына бастайды. Бұл нысан 2024 жылы іске қосылады деп межеленген.
«Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде 3,2 млрд. теңге бөлінді,
562 үміткерден пул қалыптастырылды», — деп атап өтті спикер.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ