2022 жылы аэроғарыштық түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,077,2 мың га жер анықталды, оның 857,2 мың га жайылымдық жер. Қабылданған шаралардың арқасында сол жайылымдық жердің 327 мың га айналымға енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың брифингісінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Спикер өз сөзінде өткен жылы Мемлекет басшысының облысқа келген сапарында берген бірқатар тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстардың қатарында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару шараларының барысына тоқталып өтті.
Мәселен, өткен жылы осындай 1,077,2 мың га жер анықталған. Сол анықталған жерлер қатардағы 857,2 мың га жайылымдық жердің бүгінде қабылданған шаралар нәтижесінде 327 мың га айналымға енгізілген, 401,7 мың га жер иелеріне заң бұзушылықтарды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілсе, 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған (6,9 мың га егістік жер, о.і. 3,6 мың – суармалы; шабындық – 300 га; жайылым – 121,3 мың га). Қалған 220 мың гектар биыл қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күнге қайтарылғаны 101,4 мың га.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ