Жеті жасар қыз анасының алдында жаяу жүргіншілер өткелінде қайтыс болды

Malim.kz

Алматы қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды – жаяу жүргіншілер өткелінде жүк көлігі жеті жасар мектеп оқушысын қағып кетті, 7 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай баланың анасының көз алдында болған деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі ktk.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Жол апаты Қарасу шағын ауданында, түскі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Айзере Ибраева есімді бірінші сынып оқушысы Бурундай көшесін кесіп өтпек болған. Алайда, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобустан сескеніп, кері шегінгенде жүк көлігінің астына түскен.

Марқұм қыз ұзартылған сабақтан үйіне қайтып бара жатқан. Анасы оны көшенің арғы бетінде күтіп тұрған, олардың арасында бірнеше ғана қадам қалған.

Қыздың туысы Шухрат Ментеев апатқа автобус жүргізушісін кінәлады:

“Ол баланың жолдан өтуіне мүмкіндік бермеді. Сол себепті қыз жүк көлігінің астына қайта жүгіріп, жүргізуші оны байқамай, басып кетті.”

Жергілікті тұрғындар бұл өткелде бұған дейін де жол апаттары жиі болатынын айтады. Олар жаяу жүргіншілер өткеліне бағдаршам орнатуды бірнеше рет сұраған, алайда, олардың өтініштері ескерусіз қалған.

Оқиғаға байланысты 66 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол абайсызда адам өліміне себеп болған жол ережесін бұзу бабымен тергеліп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...