Жер шарының ең қарт адамы Кейн Танака қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.
2019 жылы жер бетіндегі ең қарт адам деп танылған жапондық Кейн Танака 19 сәуірде 120 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл жайында NHK телеарнасы ақпарат таратты.
Кейн Танака 1903 жылы алты баласы болған Кумакичи мен Кума Отаның отбасында дүниеге келген. Кейн екі дүниежүзілік соғыстан аман өтіп, реформатор император Мэйдзиден бастап, оның шөбересі, қазіргі император Нарухитомен аяқталатын бес императордың билігін көрді.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру