Жер домалақ па, тегіс пе? Шавқат Рахмонов өз ойын айтты

ашық дереккөзден

Шавқат Рахмонов модель Нина Драмаға берген сұхбатында қызық мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ешкім жер пішінін нақты білмейді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Нина Драма қазақстандық жекпе-жек шеберінен жерді тегіс деп санайтын адамдар туралы ойын сұрады. Шавқаттың жауабы жұртты күлдірді:

«Менің ойымша, жердің домалақ екеніне, немесе тегіс екеніне ешқандай дәлел жоқ. Түсініксіз. Ғарышкерлер төбеден қарағанда жер тегіс болып көрінеді деп естігенмін. Мен төбеден қарамадым, білмеймін»,- деді Рахмонов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ПУТЬ БОЙЦА (@pytu_fighter)