Жеңіліс тапқан Шымбергеновті жақындары күтіп алды

Фото: видеодан скриншот

Париж Олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды. Бұл туралы Ozgeris.Info тілшісі Жамбыл облысының өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді.

Жиналған көпшілік былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновтің болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, қолдауларын аямады. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те өзіне демеу болған жанкүйерлер алғысын жаудырды.

Айта кетейік, боксшы 28 шілдеде өткен алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліс тапқан болатын. Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.