Мамыр айының он бесі күні Алматы қаласы, Алмалы ауданының “Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының “Тастақ 2”бөлімінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Әжемнің өзі — бір мектеп» тақырыбымен іс шара өтті.
Іс шараның мақсаты — балдырғандарға отбасындағы Әже тәрбиесінің маңызын аңдату, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды меңгерту.
Осы аталған мақсатпен ұстаз тәлімгерілер балалар белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді пайдаланып, әженің дәстүрлі алғыс сөздеріне, ұлттық тиым сөздерге, оларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Балалар осы тақырыпта өлеңдер оқыды.
Жамалхан әженің шеберлік сағатынан қой жүнін Әжелердің қалай пайдаланып, ұршық иіруге қалай қолданатындығы туралы тәлімін тыңдады. Ағылшын тіліндегі Гүлнар әженің тәлімінде балалар ағылшын тілінде өз әжелері туралы баяндады.
Әжелері туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән шырқады.
Іс-шараға қатысқан ата- аналар Гүлшат Рақымжанқызы, Рысгүл Қалыбекқызы, Қарлығаш апайларымыз бен «Адырна» порталының тілшісі Дина Литпин кішкентай өнерпаздарға белсенділіктері мен өнерлері үшін алғыстарын айтты.
Клубтағы тәлімгер әжелері шәкірттеріне арнап
Әже дастарханын жасап, түрлі бауырсақтар мен тәттілерді алдарына тартты.
Шәкірттері әжелеріне «Бауырсақ» әнін шырқап берді.
Отбасы мерекесі — клубтың тәлім алушылары мен тәлімгерлерінің бір — біріне деген ықылас ниеттерінің жарқын көрінісі!
ПІКІР ЖАЗУ