Желіде Алматы облысындағы мешіттердің бірінде имамның тазалықшыны қуып шыққан видеосы пайда болды

Желіде Алматы облысындағы мешіттердің бірінде имамның орынсыз әрекеті түсірілген видео пайда болды.

Ол тазалықшының формасын киген әйелге «Кет!» деп айқайлап, мешіттен қуып жіберді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл іске қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.