Жеңілдетілген автонесиелеу жұмысын бастайды

Жеңілдетілген автонесиелеу осы айдың соңында күшіне енеді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы.  

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жаңарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатыр.

Turkistan.kz сайтының мәлімдеуінше, жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

– сыйақы мөлшерлемесі: 4%;

– несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;

– қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;

– бастапқы жарна: 0 % бастап;

– көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген.

Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…